USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 567.0 / 572.0
  • RUB: 6.49 / 6.61
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Қазақстанда енді cирень бұтағын жұлғандар 216 мың теңге айыппұл арқалайды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанда өсімдіктерді зақымдауға жаза күшейтілді.

Қазақстанда енді қызғалдақпен қатар бөртегүлді (сирень) жұлу да айыппұлға әкеледі, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі мәліметінше, қоғамдық орындарда өсетін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау әкімшілік жауапкершілікке жатады. Бұл талап бөртегүлге де қатысты.

Заңға сәйкес, қала аумағында, аулаларда, саябақтар мен көше бойында өсетін гүлдерді жұлуға немесе сындыруға болмайды. Мұндай жағдайда 216 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Егер өсімдік жеке аумақта өссе, жер иесі келтірілген шығын үшін өтемақы талап етуге құқылы. Сонымен қатар, моральдық зиянды өндіріп алу мүмкіндігі де бар, оның мөлшері заңмен шектелмейді.

Ал Қазақстан Экология министрлігі кез келген гүлді жұлу олардың табиғи таралуына кері әсер ететінін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз