Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы тағы арзандады. 18 тамыздағы күндізгі сауда нәтижесінде америкалық валютаның орташа бағамы 1,14 теңгеге төмендеп, 460,13 теңге болды. Бұл деректі KASE жариялады.
Ұлттық банктің ресми бағамы 461,39 теңгені құрады.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астананың ақша айырбастау орындарында:
- доллар – сатып алу 458 теңге, сату 465 теңге;
- еуро – сатып алу 529 теңге, сату 539 теңге;
- рубль – сатып алу 5,15 теңге, сату 5,45 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 460,57 теңгеден сатып алынып, 462,83 теңгеден сатылып жатыр. Еуроның бағамы 530,50-535,62 теңге, ал рубль 5,15-5,30 теңге аралығында саудаланып жатыр.