Қазақстанда доллар бағамы тағы төмендеді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Доллар бағамы 457 теңгеге жақындады.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 21 тамыздағы күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды. Сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы тағы төмендеді. KASE дерегінде де 21 тамыздағы валюталық сауда нәтижелері көрсетілген.

Доллардың орташа сараланған бағамы 456,88 теңгені құрады. Осылайша америкалық валюта бір күнде тағы 0,46 теңгеге арзандады. Бір күн бұрын, 20 тамыздағы сауда қорытындысы бойынша доллар бірден 3,82 теңгеге түсіп, 458,23 теңге болған еді. Ал Ресей рублі керісінше 0,05 теңгеге нығайып, 5,52 теңгеге жетті. Қытай юанінің бағамы 0,37 теңгеге төмендеп, 67,89 теңгені құрады.

Айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 458,01-464,31 теңгеден сатып алынып, 531,91-537,23 теңге аралығында еуро, ал рубль 5,31-5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Қазақстан Ұлттық банкінің 21 тамызға белгілеген ресми бағамы:

  • 1 доллар – 458,23 теңге;
  • 1 еуро – 535,99 теңге;
  • 1 рубль – 5,46 теңге.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау