Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелерді көтермек, деп хабарлайды ҚДҚК баспасөз қызметі.
"Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттерінің жекелеген түрлері бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін көтеру туралы шешім қабылдады", – делінген хабарламада.
2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап стандартты өтеу мерзімі 3 және 6 ай жинақ салымдары бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі 2%-ға, ал 12 ай стандартты өтеу мерзімі бар жинақ салымдары бойынша 1%-ға ұлғайтылды.
|
Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, % |
Толықтырылатын депозиттер бойынша, % |
Қаңтар (11.01.2022 бастап) |
Қаңтар (11.01.2022 бастап) |
|
Шұғыл емес депозиттер |
9,5 |
9,5 |
Шұғыл депозиттер |
||
3 ай |
10,3 |
9,8 |
6 ай |
10,3 |
9,8 |
12 ай |
10,7 |
10,4 |
24 ай |
9,4 |
9,2 |
Жинақ депозиттері |
||
3 ай |
13,3▲ |
12,8▲ |
6 ай |
13,3▲ |
12,8▲ |
12 ай |
14,9▲ |
13,7▲ |
24 ай |
12,2 |
11,4 |
Еске салсақ, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктердегі депозиттер жайын хабарлаған еді. Агенттік мәліметінше, банк секторы тұрақты режимде жұмыс істеп жатыр.