Қазақстанда далада шашылған күл-қоқыстар үшін 60-тан астам әкімнің орынбасарына айыппұл салынды

Фото: zhanaqorgan-tynysy.kz
Фото: zhanaqorgan-tynysy.kz
2024 жылы жалпы 164 лауазымды тұлғаға 9 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Елімізде далада шашылған күл-қоқыстар үшін 60-тан астам әкімнің орынбасарына айыппұл салынды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Экология министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, былтыр Қазақстанда 5 мыңға жуық қоқыс полигоны анықталып, соның 91 пайызы жойылған екен. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда көңіл көншітерлік көрсеткіш.

Мәселен, 2018 жылы анықталған 8 мыңнан астам тұрмыстық қалдыққа толы аумақтың шамамен жартысы ғана тазаланған екен. Ерлан Нысанбаев қоқысқа қатысты салғырттық танытқан шенеуніктерге әкімшілік жауапкершілік барын ескертті.

Айта кетсек, 2024 жылы жалпы 164 лауазымды тұлғаға 9 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау