Қазақстанда бұқа экспортына уақытша тыйым салынды

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Жаңа бұйрық 2025 жылғы 15 мамырда күшіне енді. 

2025 жылғы 14 мамырда Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қаржы министрлігі ауыл шаруашылығы жануарларын экспорттауға қатысты жаңа ережелер мен толықтыруларды қамтитын бірлескен бұйрыққа қол қойды. Бұл құжат 2025 жылғы 7 сәуірдегі бұрынғы бұйрыққа қосымша ретінде енгізілді және елдің ауыл шаруашылығы саласындағы экспорттық саясатты жетілдіруді мақсат етеді.

Осы толықтырулар арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылығының халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың бұқасын экспорттауға үш ай мерзімге тыйым салынды.

Жаңа бұйрық 2025 жылғы 15 мамырда күшіне енді. 

Сәуірдің басында Қазақстаннан ірі қара мен ұсақ малды экспорттауға уақытша тыйым салынған еді.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары