
Биыл рекордтық көлемде, кемінде 19 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.
Ол бұл нәтижелерге жаңа инфрақұрылымды салудан және ипотекалық несие көлемін ұлғайтудан бастап жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге дейінгі барлық аспектілерді қамтитын бастамалар арқылы қол жеткізілетінін түсіндірді.
"Нақты секторды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталған бастамалар жалпы ішкі өнімнің өсуіне кемінде 2 пайыздық тармақ қосып, биылғы жылы оның айтарлықтай өсуіне алып келеді", – деді Серік Жұманғарин.
Сондай-ақ, ол Қазақстанда бизнестің кредиттеріне кепілдік беретін 2 қор құрылатынын хабарлады. Ол бизнестің несиелеріне кепілдік беру тетігі тиімді тәжірибе ретінде, соның ішінде басқа елдерде де өзін дәлелдегенін атап өтті. Сондықтан 2 кепілдік беру қоры құрылады. Оның бірі шағын және орта бизнеске арналады.
"Шағын және орта бизнес үшін кредиттерге кепілдік беру және пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау көлемі ұлғаяды. Биылдың өзінде 1,7 трлн теңге сомасына 30 мыңға жуық ШОБ жобасына қолдау көрсетіледі", – деді Серік Жұманғарин.
Оқи отырыңыз: Тоқаев "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" заңға қол қойды