Тікелей эфир

Қазақстанда балалар уақытының көп бөлігін YouTube, WhatsApp және TikTok желілерінде өткізеді

Сарапшылар киберқауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынып отыр.

2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда балалар арасындағы ең танымал қосымша YouTube болды. Оның үлесіне жылдың алғашқы үш айында ең танымал он қосымшада өткізген уақытының үштен бірі (30%) тиесілі болды. Үштікке сонымен бірге WhatsApp (18%) және TikTok (17%) кірді, деп хабарлайды Kaspersky компаниясының баспасөз қызметі.  

Енді ата-аналар YouTube видеохостингіне арналған жаңа қызмет түрі арқылы ересектер мен балалардың қандай бейне көргенін бақылай алады. 

"Заманауи технологияның пайдалы қызметтері балалардың мүддесін жақсы түсініп, оларды қауіпті ақпараттан қорғауға көмектеседі. Алайда техникалық мүмкіндіктерді қолданған кезде жеке шекара туралы ұмытпауымыз керек. Өйткені, бала – бұл кішкентай тұлға", – деді Kaspersky компаниясының Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов. 


Оқи отырыңыз: Музей мен таза ауадағы сабақтар: Жазғы мектепке 2 миллионға жуық оқушы қатысып жатыр


Компания балалардың желідегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналарға бірнеше кеңес берді:

  • балалармен цифрлық өмір туралы көбірек сөйлесу – олардың интернетте не істейтіні және ұстануы тиіс қауіпсіздік шаралары;
  • құпиялылық туралы келісімдерді мұқият оқып шығуға үйрету;
  • қажет болса ата-ана бақылауына арналған қосымшаны орнату. Бірақ бұл бағдарламаның не екені және неге мұндай шешім қабылдағаныңыз туралы әңгімелесу.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары