Қазақстанда автолизинг мөлшерлемесі нақты бекітілді

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Бұйрық Қазақстанда автолизинг бағдарламасын толық іске қосу үшін әзірленді.

9 қазанда "Лизинг шарты бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің және өзге де төлемдердің мөлшерлерін белгілеу туралы" бұйрық күшіне енді. 

Биыл жазда Қазақстанда жеке тұлғаға жеңіл автомобиль мен шағын жүк көлігін лизингіге беруге жол ашатын "Қаржылық лизинг туралы" заңға өзгеріс енді. Бағдарламаны іске қосу үшін жылдық тиімді сыйақы мөлшерлеме ғана белгіленбей тұр еді. Енді Өнеркәсіп министрлігі лимит белгіленген құжатты бекітті.

Өнеркәсіп министрлігінің бұйрығына сәйкес мөлшерлеме мынадай болады:

  • автомобильдің құны 20 млн теңгеден аспаса – жылдық мөлшерлеме 36 %-дан төмен;
  • машинаның құны 20 млн теңгеден жоғары болса – жылына 46 %-дан төмен;
  • лизинг беруші ретінде банк әрекет ететін лизинг шарты бойынша – жылына 35 %-дан төмен.

Лизинг шартына мыналар енеді:

  • қаржылық лизинг ұсыну туралы өтінішті қарағаны үшін комиссия;
  • бастапқы жарна (аванс төлемі);
  • автомобильдің техникалық жағдайы мен сырт пішінін күтіп ұстауға кететін шығын;
  • лизинг алушының әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан туындаған зақымды жоюға, автомобильді жөндеуге және қалпына келтіруге жұмсалатын шығын;
  • қауіпсіздік құралы, телематикалық құрылғы, мониторинг жүйесі және ұрлыққа қарсы кешенді орнатуға, оларды жөндеуге және ауыстыруға кететін шығын;
  • лизинг алушы орнатқан қосымша жабдықтарды алып тастауға және тозған машинаны шартта көзделген жағдайға келтіруге кететін шығын;
  • автомобильді іздеу, эвакуация, тасымалдау, сақтау, диагностикадан өткізуге, техникалық сараптама жүргізу, бағалау, сондай-ақ аталған жұмыстарды орындайтын үшінші
  • тұлғалардың қызмет ақысын төлеуге кететін шығын;
  • жеке сот орындаушының қызмет ақысы;
  • сот шығыны;
  • нотариус қызметіне кететін шығын;
  • пошта және курьер қызметінің ақысы;
  • қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемені орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыпақысы.

Қазақстанда бұл бағдарлама пилоттық режимде 2025 жылғы 1 желтоқсанда іске қосылды. Бірақ басталмай жатып тоқтап қалды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау