Тікелей эфир

Қазақстанда автокредит пен ипотекалық несие рәсімдегендер саны артқан

Тұтынушылық несие беру көлемі айтарлықтай төмендеген.

Қазақстанда автокредит пен ипотекалық несие рәсімдегендер саны артқан, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Мәселен, кейінгі бір айда несиеге көлік алғандар 32%-ға өссе, баспанасын кредитке рәсімдегендер 9%-ға көбейген. Есесіне тұтынушылық несие беру көлемі айтарлықтай төмендеген.

Бірінші кредиттік бюро берген ақпарат бойынша, қазан айында азаматтарға небәрі 2,7 миллион теңге қарыз берілген екен. Ал бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 22 пайызға аз.

"Автокредиттер мен ипотека адамды қарызға батырмайды. Өйткені, ол үшін адам белгілі бір актив алады ғой, есесіне. Екіншіден, бұндай кредиттерге шектеу қойылмайды. Себебі, ол кепілсіз кредиттер емес. Автокредит те, ипотека да кепілді кредиттер. Себебі, оның сомасы үлкен болады, адам оны ойланбай ала сала алмайды. Жалпы, кредит беру барысында автокредиттер мен ипотеканың үлесі кепілсіз тұтынушылық кредиттің қысқарғанынан артып отыр", – деді экономист Айбар Олжай.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары