Егіс алқаптарын белсенді әртараптандыруға және дәнді емес дақылдардың жоғары өнімділігіне байланысты еліміздегі сақтау инфрақұрылымын жаңғырту қажеттілігі туындады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкіметтің жылдық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
"Егін шаруашылығында сақтау инфрақұрылымының жеткіліксіздігі – өсімге кедергі келтіретін фактор болып отыр. Осыған байланысты элеваторларды кеңейту және жаңғырту жобаларына арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы әзірленуде, оны 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосу жоспарланып отыр", – деді Айдарбек Сапаров.
Министрдің сөзінше, агротехнологияларды сақтау және уақтылы мемлекеттік қолдау көрсету ауыл шаруашылығы көрсеткіштерінің сапалы өсуін қамтамасыз етті. Егер 2023 жылы орташа өнімділік 11 ц/га болған болса, 2025 жылы ол 17 ц/га-ға дейін өсті, ал озық шаруашылықтарда 40 ц/га-ға дейін жетті.
Мұнда егін егу және егін жинау жұмыстарын жеңілдікпен қаржыландыру (750 млрд теңге, 8,5 млн га алқап) шешуші факторға айналды. Бұл ретте мемлекет 2026 жылғы егін егу науқанын қаржыландыруға қазан айынан бастап кірісіп кетті.
"Бүгінгі таңда 230 млрд теңгеге 1,3 мыңнан астам өтінім келіп түсті, оның ішінде 81 млрд теңгеге 750-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қаржыландырылды. Қол жеткізілген нәтижелерді тыңайтқыштарды енгізу көлемінің 3 есеге (1,8 млн тоннаға дейін) артуымен және ауыл шаруашылығы техникасының тозуы 80%-дан 70%-ға дейін төмендегенінен көруге болады", – деді Айдарбек Сапаров.
lw-3094948329-1
USD:
513.7 / 516.3
EUR:
601.0 / 606.0
RUB:
6.39 / 6.51

