Осылайша, ең төменгі бөлшек бағалар белгіленді.
"Арақтар мен арнайы арақтар, шығу жері қорғалған белгісі бар арақтар, күшті алкогольдік ішімдіктердің литрі 2100 теңге мөлшерінде, коньяк пен бренди литріне 3110 теңге бекітілді" – делінген хабарламада.
Жарлық 2023 жылдың 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Оқи отырыңыз: Оңтүстік өңірлердің ақсақалдары Түркістанды арақ-шарапсыз қала етуге үндеу жасады
Қазір арақ пен ерекше арақтың, тауар шығарылған жердің қорғалған атауы бар арақтың, күшті ликер-арақ өнімдерінің бағасы литріне 1980 теңгені құрайды. Ал 1 қазаннан бастап литрінің бағасы 2100 теңге болады. Коньяк пен брендидің ең төменгі құны әзірге литріне 2930 теңге деңгейінде сақталады, ал қазан айынан бастап литріне 3110 теңгеге дейін өседі.