Алдағы күндері Қазақстандағы ауа райын оңтүстік циклон қалыптастырады, онымен бірге қысқа мерзімді жауын-шашын сақталады. Республиканың солтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында ғана көбіне жауын-шашынсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта және солтүстік-батыста, ал 13 шілде күні республиканың батысында кей кездері қатты жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша найзағай, бұршақ, дауыл және желдің күшеюі болжанып отыр.
"Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы күндіз +20+35°С дейін төмендейді, қалған аумақта күрт өзгерістер болжанбаған", – делінген хабарламада.
USD:
483.7 / 486.7
EUR:
554.5 / 559.5
RUB:
5.95 / 6.09
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…