USD: 489.9 / 492.9
  • EUR: 572.0 / 577.0
  • RUB: 6.53 / 6.65
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстанда "Әл-Фараби" ордені енгізіледі. Жаңа марапат кімдерге беріледі?

Фото: Үкімет
Фото: Үкімет
Президент ғылым мен руханиятқа жаңа марапат ұсынды.

Қазақстанда жаңа "Әл-Фараби" ордені енгізіледі. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде айтты. 

"Қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болғанын білесіздер. Соның ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше. Оның мұрасы — бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы. Осыған орай, мен жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы "Әл-Фараби" орденін енгізу қажет деп санаймын", – деді президент.  

Оның айтуынша, бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі.

"Мейірім", "Қожа Ахмет Ясауи", "Әл-Фараби" ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылатын болады", – деді мемлекет басшысы.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз