Жүргізілген талдау шеңберінде жаңартылған ұлттық сыныптауыш жобасына 900-ден астам мамандық бойынша өзгерістер енгізу жоспарлануда, оның 839-ы жаңа болады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өзгерістер жобасы мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен, ҚР Кәсіподақтар федерациясымен және "Атамекен" ҰКП-мен талқылау қорытындысы бойынша қалыптастырылды.
"Сонымен қатар жұмыс берушілер қауымдастығының, Электрондық еңбек биржасында тіркелген жұмыс берушілердің, кәсіптік стандарттарды әзірлеушілердің және Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласының ұсыныстары ескерілді", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Олардың ұсыныстары мен толықтырулары 2023 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады.
Оқи отырыңыз: Түнгі уақыттағы жұмыс үшін еңбекақы қалай төленеді? Шағын түсіндірме.