Қазақстан мен Сербия президенттері шағын құрамда келіссөз өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Сербияны Еуропадағы маңызды стратегиялық серіктес деп санайтынын және бірқатар бағытта, әсіресе, экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты нығайту үшін көп жұмыс атқарылғанын айтты.
"Астана мен Белград арасында тікелей әуе рейсі ашылды. Сауда қатынастарымыз табысты дамып келеді. Қазақстанда 60-тан аса сербиялық компания жемісті еңбек етіп жатыр. Негізгі халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарымыз ортақ. Сондықтан екі ел арасындағы ынтымақтастықтың берік әрі тиімді іргетасы қаланды деп ойлаймын. Сіздің сапарыңыз достық қарым-қатынасымызға тың серпін беру тұрғысынан өте маңызды екеніне сенімдімін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сербия президенті Александр Вучич Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін ризашылық білдірді.
"Елдеріміз арасында шынайы стратегиялық қарым-қатынас орнаған. Сіздің қолдауыңыздың арқасында сауда-экономикалық байланыстарымыз жоғары қарқынмен дамып келеді. Алдағы уақытта жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар мен энергетика салаларында ықпалдастық орнату арқылы достығымыз жаңа деңгейге көтеріледі деп ойлаймын. Сізді жақын арада елімізде қарсы алуға дайынбыз", – деді ол.
USD:
469.5 / 472.5
EUR:
552.0 / 557.0
RUB:
6.01 / 6.13

