Otau TV және эфирлік радиода уақытша үзіліс болады.
Қазақстанда 28 қаңтар күні жоспарлы профилактикалық шаралар жүргізу мақсатында теледидар мен радио уақытша өшіріледі, деп хабарлайды "Қазтелерадио" АҚ.
Техникалық жұмыстар сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін жүргізілетін болады. Осы уақытта Otau TV спутниктік теледидары, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадио хабарларының таралуында, сонымен қатар деректерді жолдау мен телефония қызметтерінде уақытша үзілістер болуы мүмкін.
Жүйе қызметтері қалпына келтірілгеннен кейін хабар тарату қайтадан тұрақты режимде жалғасады.
USD:
502.9 / 505.9
EUR:
595.5 / 599.5
RUB:
6.53 / 6.65