Тікелей эфир

Қазақстанда 17300 отбасы жекешелендіру құқығы бар жалдамалы тұрғын үймен қамтылады

Бұл үшін "Самұрық-Қазына" қоры Қазақстан тұрғын үй компаниясы 272 миллиард теңге несие ұсынады.

Қазақстанда 17300 отбасын кейін жекешелендіруіне болатын жалдамалы баспанамен қамтамасыз ету үшін "Қазақстан тұрғын үй компаниясы" АҚ "Самұрық-Қазына" қорынан 272 миллиард теңге облигациялық қарыз алуды жоспарлап отыр

Бұл қаражат жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған қазақстандықтарға жалға беру үшін дайын тұрғын үйлерді сатып алуға жұмсалады. Сатып алынатын пәтерлердің жайлылығы IV сыныптан төмен болмауы және ауданы 80 шаршы метрден аспауы тиіс. 

Қазақстан тұрғын үй компаниясы несиені он жыл мерзімге алады. 

"Кезекте тұрғандарға жалға берілетін тұрғын үй беру шарттары мен тәртібі қолданыстағы заңнамамен айқындалады. Жекешелендіру құқығымен ЖАО сатып алған тұрғын үй "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңның талаптарына сәйкес кезектілік тәртібімен тұрғын үйдің әлеуметтік осал санаттарынан кезекте тұрғандарға жалға берілуі тиіс", – делінген құжат жобасында. 


Оқи отырыңыз: 1 мамырдан бастап Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады


 

Серіктестер жаңалықтары