Прямой эфир Новости спорта

Қазақстанда 15 ірі құрылыс компаниясы сөз байласып, бағаны көтерген

"Орда Строй Групп" компаниясына қатысты тергеу жүріп жатыр. 

Қазақстанның ірі құрылыс компанияларының бағаны жасанды жолмен өсіріп отырғаны белгілі болды, деп хабарлады бәсекелістікті қорғау және дамыту агенттігі.

2021 жылдың қорытынды есебінде 15 компанияның өзара сөз байласып баға көтергені анықталды. 

"Олар – Алматы қаласындағы Basis-A, RAMS Qazaqstan; астанадағы BI Group және Orda Stroy Group; Шымкент қаласындағы "Отау Строй", "Достық Инвест Групп" ЖШС; Қарағанды облысындағы "Еуразиялық құрылыс", "Проф Инвест", "Халық ғимарат", "Тұрғын үй қоры"; Ақтөбе облысында "Инвесткомплекс", ӨК "Нектар", "Зауыт жарықтандыру_W"; Шығыс Қазақстан облысындағы "Достар Май", "Сервис СМУ", ВК Инвест компаниясы", – деді агенттік өкілдері. 

Аталған компанияларға заң бұзушылықтар туралы хабарлама жіберілген. Арасында "Орда Строй Групп" компаниясына қатысты тергеу жүріп жатыр. 

"Сұралған мәліметтерді бермеуге байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 21 хаттама толтырылды. Соттар субъектілерге 10 миллион теңгеден астам айыппұл салды. Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін 7 актісі бар. Құрылыс ұйымдарымен бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама нормаларын сақтау бойынша монополияға қарсы сәйкестік жасалды", – деді агенттіктегілер. 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары