USD: 465.9 / 468.3
  • EUR: 532.5 / 537.5
  • RUB: 5.63 / 5.75
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Қазақстанда 101 жастағы 200-ден астам қарт адам тұрады

12 жылда 0-ден 15 жасқа дейінгі балалар саны айтарлықтай өскен.

Қазақстандықтардың орташа жасы салыстырмалы түрде жас болып келеді. 2009 жылғы санақпен салыстырғанда орташа жас 31-ден 32 жасқа дейін өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Санақ аралығындағы кезеңде 0-ден 15 жасқа дейінгі балалар саны айтарлықтай өсті. Егер олардың үлесі 2009 жылы сол кездегі халықтың жалпы санының 24,1% (3,9 млн адам) құраса, соңғы санақ қорытындысы бойынша олардың үлесі 29,4% (5,6 млн адам) болды.

65 жастан асқан егде жастағы халықтың үлесі де өсті. 2009-бен салыстырғанда 2021 жылы  олардың үлесі 7,1%-дан 8,2% дейін өсті (1,6 млн адам).


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жасы 100-ден асқан қанша адам бар?


Сонымен қатар, санақ қорытындысы бойынша Қазақстанда 101 жастан асқан 200-ден астам қарт адам тұрған.

Айта кетейік, өңірлер арасында балалар саны бойынша Түркістан облысы, 90 жастан асқан қариялар саны бойынша ШҚО көш бастап тұр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау