Ташкент халықаралық кинофестивалі 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтіп жатыр.
XIII "Жібек жолының інжу-маржаны" Ташкент халықаралық кинофестивалінің аясында ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының өкілдері "Өзбеккино" Өзбекстан кинематография агенттігінде жұмыс істейтін әріптестерімен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша, ҰКҚМО бас продюсері Адай Әбелдинов пен "Өзбеккино" бас директоры Фирдавс Абдухаликов кино индустриясы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
"Өзбекстан кинематографиясы үшін бұл ерекше жоба. Біз бірлескен ынтымақтастық құру туралы келіссөздер жүргізіп, нәтижеге қол жеткіздік. Мен Қазақстан тарапына осындай жылдам әрекет еткені үшін ризашылығымды білдіремін. Енді бұл құжат жаңа үлкен ынтымақтастықты бастауға мүмкіндік береді. Бұл фестиваль алаңы да біздің күш-жігерімізді біріктіру үшін қызмет етуде", – деп атап өтті "Өзбеккино" бас директоры.
Меморандум екі елдің қолданыстағы заңнамасының негізінде әзірленген және оған сәйкес тараптар кино индустриясы, ғылыми, ғылыми-өндірістік қызмет, сондай-ақ, кадрлар даярлау мен бірлескен киножобалар шығару саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге және кеңейтуге ұмтылады.
"Осы меморандумға қол қойылғаннан кейін біздің кинематография саласындағы өзара қарым-қатынастарымыздың жаңа деңгейге шығатынына және онымен тоқтап қалмайтындығына сенімдімін. Ташкент фестивалінде біз тарихи оқиғаның – Сергей Герасимов атындағы бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының филиалының құрылуының куәсі болдық. Біздің жас кинорежиссерлер осы оқу орнының түлектері атанады деп сенемін", – деп қосты Адай Әбелдинов.
Естеріңізге сала кетейік, XIII "Жібек жолының інжу-маржаны" Ташкент халықаралық кинофестивалі Өзбекстан астанасында 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтіп жатыр. Қазақстандық делегация мүшелері фестивальде өздерінің картиналарын ұсынады, сондай-ақ, шеберлік сыныптары мен шығармашылық кездесулер өткізеді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿 🇮🇷 Иран Қазақстанға цитрус жемістерін жеткізу көлемін арттыруға дайын
-
362
-
0
-
0
-
-
2🏙 Алматы мен Қонаев арасында G4 City арнайы экономикалық аймағы құрылады
-
359
-
0
-
0
-
-
3Жаңа сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 45 жасында қайтыс болды
-
348
-
0
-
5
-
-
4"Атырау жастары" ипотекасына өтініш беру 1 ақпанда басталады
-
327
-
0
-
4
-
-
5📲 TikTok-тың тренд трюктерін қайталау неге қауіпті?
-
307
-
0
-
2
-
-
6Экология министрлігі 1815 ақбөкенді ғылыми мақсатта алуға қатысты түсініктеме берді 🦌
-
304
-
0
-
0
-
-
7💸 Қазақстан халық әртістерінің үстемеақысы 2 есе артады
-
302
-
0
-
4
-
-
8Биыл Kids go free бағдарламасымен 2 мың бала тегін ұша алады ✈️
-
294
-
0
-
3
-
-
9Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
-
293
-
0
-
1
-
-
10Отбасы банкі кезексіз және конкурссыз ипотека рәсімдеудің жолын түсіндірді
-
296
-
2
-
3
-