"Қазақстан" телерадиокорпорациясын енді Ернұр Бурахан басқарады

Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Ол бұған дейін ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарды.

"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы қызметіне Ернұр Бурахан тағайындалды, деп хабарлады арнаның баспасөз қызметі

Ернұр Бурахан 1981 жылы 16 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Журналистика саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. 

Әр жылдары "Qazaqstan" телеарнасында тілші, тележүргізуші, "Қазақстан" телерадиокорпорациясының Ақтөбе облыстық филиалының директоры, "Қазақстан" телерадиокорпорациясына қарасты "Қазақ радиолары" ЖШС директоры қызметтерін атқарды.

Соңғы екі жылда Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінде болды. 

Бұған дейін "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының басшысы болған Ләззат Танысбай "Еуразия" бірінші арнасының бас директоры болып тағайындалғанын жазғанбыз. 

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау