
Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Құдырет Шәмиев Қазақстан таеквондодан 2027 жылғы әлем чемпионатын қабылдауға мүдделі екенін хабарлады.
Оның айтуынша, 2014 жылдан бері Қазақстанда таеквондодан әлемдік жарыстар өтпеген. Сондықтан, Қазақстан таеквондо федерациясы World Taekwondo аясында өткізілетін ірі жарыстарды қабылдауға жоспар құрып жатыр.
Дайындық аясында биылғы тамызда Kazakhstan Open турнирі өткізіліп, оған әлемдік таеквондодағы беделді тұлғалар мен чемпиондар шақырылады.
"2026 жылы таеквондодан Гран-при турнирін, ал 2027 жылы таеквондодан әлем чемпионатын «өткізуге үміткер атанбақпыз. Қазіргі таңда біз осы жарыстарға қатысты құжаттарды түгел дайындап, әлемдік ұйымға жібердік. Қазақстанда таеквондоға деген қызығушылықтың жоғары екенін өзіміз көрсетпесек, әлемдік ұйымнан бізге деген оң көзқарасты сұрап алу қиын. Олармен байланыста болып, әртүрлі келіп жатқан өзгерістер, жаңашылдықтар, бағдарламалардан хабардар болуымыз керек", – деді Құдырет Шәмиев.
Оқи отырыңыз: Алматыда күреспен айналысатын қыздар жүзге жетпейді – Қалалық күрес федерациясы