Қазақстан суретшілерінің туындыларын супермаркетте тамашалауға болады

Гүлбарам Асқарованың "Ақын" туындысы
Гүлбарам Асқарованың "Ақын" туындысы
Шағын көрме үш ай бойы жұмыс істейді.

Қазақстандық суретшілер Гүлбарам Асқарова мен Айнұр Малаеваның туындылары Алматы қаласындағы супермаркеттердің бірінде үш ай бойы қала тұрғындарының назарына ұсынылады. 

Гүлбарам Асқарованың "Ақын" және Айнұр Малаеваның "Қыз Жібек" атты жарқын туындылары – қазақ тарихының мәдени кодтарын заманауи эстетикалық тілмен бейнелеуге жасалған қадам. 

Айнұр Малаеваның "Қыз Жібек" туындысы

Бұл бастамаға ұйытқы болған Efes Art Space жобасының авторлары жаңа жоба – қазақстандық өнер аудиториясын кеңейту және алматылықтардың мәдени тәжірибесін байыту мүмкіндігі екенін атап өтіп, бұл бастаманы кеңейтуге басқа бизнес өкілдері де атсалысатынына сенім білдірді. 

"Өнер – қоғам дамуының маңызды бөлігі. Біз Қазақстанда жұмыс істейтін компания ретінде жергілікті мәдениеттің дамуына үлес қосқымыз келеді. Біз үшін бұл қазақстандық мәдениетке таңданысымызды білдіріп, оның дамуына қолдау көрсетудің тамаша мүмкіндігі. Соңғы төрт жылда жоба аясында біз 205 көрме өткіздік, оған көптеген суретшілер қатысты", – деді компания басшысы Эртан Курт. 

Көрме өткізуге өз дүкенін ұсынған Toimart компаниясының бас директоры Сабыржан Молдаханов та Қазақстан таланттарға бай екенін атап өтіп, оларды қолдауға атсалысатынын жеткізді. 

Айта кетейік, шағын көрме ұйымдастырылған супермаркет Розыбакиев 4 мекенжайында орналасқан. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары