Қазақстан сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салуды тағы жарты жылға ұзартты

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Экспортқа тыйым салу туралы бұйрықтың мерзімі 2025 жылғы 14 мамырда аяқталады.

Қазақстан сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға салынған тыйымды тағы алты айға ұзартады, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.

"2023 жылғы қарашадан бастап сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс жерлерге автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге тыйым салынды. Экспортқа тыйым салу туралы бұйрықтың мерзімі 2025 жылғы 14 мамырда аяқталады", – делінген хабарламада.

Осыған байланысты министрлік Қазақстан аумағынан сұйытылған мұнай газын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 970 0), пропанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 12 940 0) және бутанды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2711 13 970 0) автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салды, шешім ішкі нарықты сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

Тыйым мына жағдайларда енгізілмейді:

  1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 722-бабының 1-тармағына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие жер қойнауын пайдаланушылар әкетсе;
  2. қазақстандық шикізаттан жасалған (өңделген), Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қарашығанақ кен орнында өндірілген тауарларды әкетсе;
  3. республикадан тыс жерде басталатын және аяқталатын транзиттік тасымалдау.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

lw-3094948329-1

Серіктестер жаңалықтары