Қазақстан сирек кездесетін металдарды игеруді күшейтеді. Тоқаев тапсырма берді

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Тоқаев аса маңызды материалдарға сұраныстың артып отырғанын айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен аса маңызды минералдар, соның ішінде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы Қазақстан ресурс және өндіріс әлеуеті жағынан Орталық Азияда көш бастап тұрғанына назар аударып, мұны мемлекет мүддесіне пайдалану қажеттігін атап өтті.

"Қазба байлығы мол елдер үшін әлемдегі қазіргі ахуал тиімді әрі бірегей мүмкіндіктерге жол ашып отыр", – деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар президент дүние жүзінде аса маңызды материалдарға қол жеткізуде мемлекеттер арасындағы бәсекелестік күшейе түскенін айтты. Бұл бағыт жоғары технологиялық салаларды дамыту тұрғысынан стратегиялық маңызға ие. Осы орайда Қазақстан қолда бар ресурстар мен өнеркәсіп әлеуетін тиімді пайдаланып, өз мүмкіндіктері мен өндіріс тізбегін дәйекті түрде дамытқаны жөн.

Жиын барысында Үкімет мүшелері саланың қазіргі жай-күйі, ресурс қорын игеру перспективасы, қайта өңдеу бағытын дамыту және кедергілер туралы есеп берді. Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет пен тиісті мемлекеттік органдарға саланы дамытуға қатысты жүйелі көзқарас қалыптастыру, реттеу тетіктерін жетілдіру, геологиялық барлау мен өңдеу ісін дамыту, техногенді минералдық түзілімдерді экономикалық айналымға қосу, зертханалар базасы мен кадрлар құрамын нығайту, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау