Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда жасанды ақыл технологияларын дамытудың стратегиялық кезеңі басталғанын мәлімдеді. Бұл бағыттағы жұмыстың негізгі тетігі ретінде әлемдік деңгейдегі мамандармен тығыз байланыс орнату және халықаралық тәжірибені енгізу айқындалып отыр.
Осы стратегияны жүзеге асыру аясында келесі негізгі шаралар атқарылады:
- стратегиялық әріптестік: Үкімет тарапынан қолдау тапқан беделді 01.AI компаниясымен бірлескен кәсіпорын құрылады. Бірлескен кәсіпорынды құру жұмыстары осы жылдың наурыз айында аяқталады.
- ұлттық платформа: Жаңа ұйым Ұлттық жасанды интеллект платформасының операторы қызметін атқарады.
- ЖИ-агенттерді енгізу: Аталған платформа негізінде мемлекеттік басқару ісін оңтайландыратын арнайы ЖИ-агенттер әзірленетін болады.
"Мұндай жоғары деңгейдегі шетелдік әріптестік Қазақстанға ең заманауи технологиялық шешімдерге қол жеткізуге жол ашады. Бұл өз кезегінде басқарушылық шешімдерді қабылдаудың жылдамдығы мен тиімділігін айтарлықтай арттырып, экономикаға салынған инвестицияның бес еселік мультипликативті әсерін қамтамасыз етуге бағытталған", – деді министр.
Оқи отырыңыз: Президент: Инфляцияны ойға қонымды деңгейге түсіру – басты міндет
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07