Қазақстанда Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан шекарасындағы 9 бақылау-өткізу пунктін толыққанды жаңғырту жалғасып жатыр.
Қаржы министрлігінің дерегінше, бұл өткізу мүмкіндігін тәулігіне 6 ретке дейін, орта есеппен 170-тен 960 көлікке дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ шекарадан өту уақыты 30 минутқа дейін қысқармақ.
Жалпы, биыл 9 бақылау-өткізу пунктін жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.
"Сонымен қатар Еуразия экономикалық одақтың сыртқы шекарасы бойынша барлық 10 автомобильдік шекара бекетінде автоматтандырылған электронды кезек жүйесі енгізілді. Оны Qoldau.kz платформасында және CargoRuqsat мобилді қосымшасы арқылы пайдалануға болады", – делінген Қаржы министрлігінің хабарламасында.
Жүйені енгізу республикалық маңызы бар жолдар бойында автокөліктердің жиналып қалуын болдырмауға мүмкіндік берді және тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етті.
Оқи отырыңыз: Жаңа әуежайлар және "Достық – Мойынты" темір жолы. Қазақстанның көлік саласы 2025 жылы қалай дамиды