Қазақстан құрамасынан 14 татами шебері ел намысын қорғайды.
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Абу-Дабиде өтетін әлемдік Grand Slam кезеңіне қатысады. 28-30 қараша күндері өтетін бәсеге әлемнің 53 елінен 401 спортшы тіркелген. Қазақстан құрамасынан 14 татами шебері ел намысын қорғайды.
Әйелдер:
- 48 келі: Абиба Абужақынова;
- 57 келі: Бақыт Құсақбаева;
- 63 келі: Эсмигүл Куюлова.
Ерлер:
- 60 келі: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан;
- 66 келі: Нұрқанат Серікбаев, Ғұсман Қырғызбаев;
- 73 келі: Есет Қуанов;
- 81 келі: Азат Күмісбай, Абылайхан Жұбаназар;
- 90 келі: Ермахан Әнуарбеков;
- 100 келі: Марат Байкамуров, Нұрлыхан Шархан;
- +100 келі: Еламан Ерғалиев.
Қазақстан дзюдо федерациясының бас серіктесі – "Самұрық-Қазына" АҚ, серіктес – "Sport Qory" туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.