Сыртқы істер министрлігі шетелдегі азаматтарға паспорт жасау қағидасына өзгеріс енгізбек.
Шетелде жүріп Қазақстан паспортын алатын азаматтар тізімі кеңейтіледі. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі әзірлеген "Құжаттарды қабылдау және оларды Қазақстан Республикасының шет елдерде жүрген азаматтарына паспорттар жасауға жіберу" туралы қағида жобасында жазылған.
Қазір Қазақстан паспортын елшіліктер арқылы:
- шетелде тұрақты тұратын;
- шет мемлекеттердің аумағында орналасқан оқу орындарында күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын;
- шет мемлекеттерде еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін;
- көрсетілген адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне;
- шетелдегі дипломатиялық қызмет персоналымен бірге тұратын дипломатиялық қызмет персоналының туыстарына;
- қарттар мен тыныс-тіршілігін шектейтін тұрақты ағза функцияларының ауытқуларымен денсаулығында бұзушылық бар адамдар ала алады.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Біздің көк паспортымызды бүкіл әлем таниды және құрметтейді
Қаулы жобасы күшіне енсе, шетелде жүріп Қазақстан паспортын алатындардың қатарына:
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда кәмелетке толмағандар;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері;
- өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жақын туыстарын күтумен айналысатын адам;
- шет мемлекеттің аумағында ұсталғандар немесе күзетпен ұсталатындар, қамауға алынатындар, сондай-ақ пенитенциарлық мекемелерде жазасын өтеушілер енеді.
Бұйрық жобасы 22 қарашаға дейін ашық талқылауда болады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿Азия ойындары: бүгін Қазақстан құрамасы қандай жарыстарға қатысады
-
286
-
1
-
8
-
-
2🥤Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі артты
-
260
-
0
-
9
-
-
3🧑⚖️Павлодарда студентке қол көтерген колледж оқытушысының үстінен іс қозғалды
-
244
-
0
-
6
-
-
4🥳🥈Қоржынға тағы екі күміс медаль
-
238
-
0
-
10
-
-
5🏅Төртінші алтын!
-
237
-
0
-
14
-
-
6💵Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарған 65 тұрғын жауапқа тартылды
-
225
-
0
-
5
-
-
7💊Астана полицейлері мефедронның 2 мыңнан астам дозасын тәркіледі
-
207
-
0
-
5
-
-
8🐬Бразилияда 39 Цельсия градусқа (Фарангейт бойынша 102 градус) дейін көтеріліп, 100-ден астам дельфин қырылып қалды
-
210
-
0
-
6
-
-
9📣Қазақстанның бірқатар өңірлерінде нысандарға жылу беріле бастады
-
208
-
0
-
5
-
-
10💬Жеке деректері қолды болған қазақстандықтарға SMS арқылы хабар беріледі
-
205
-
0
-
2
-