"Қазақстан мұғалімі – 2021" ұлттық сыйлығы шеңберінде 30 шағын грант конкурсына өтінім қабылданып жатыр.
Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 25 тамыздан 3 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Бағдарламаға негізінен "Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығына қатысушы педагогтер, әсіресе ауылды жерлердегі мұғалімдер қатыса алады. Конкурс нәтижесінде 30 мұғалімге білім беру процесі мен сыныптан тыс жұмыстарды жақсартуға бағытталған бастамаларды іске асыру үшін шамамен 1 млн теңгеден грант бөлінеді.
"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығын 2 жыл бойы өткізу барысында білім беру саласындағы бірқатар өзекті, сондай-ақ, педагогтер ұсынған мәселелер және оларды шешу жолдары анықталды. Алайда мұндай жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі болмады. Оған қоса мұндай мәселелердің шешімі мұғалімдер мен ҮЕҰ-ның бірлескен жұмысын талап етеді. Осылайша, нақты бастамаларды қолдаудың көмекші тетігін құру идеясы пайда болды", – деді "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасы Лима Диас.
Конкурс өтіп, 30 қатысушы арасында гранттар бөлінгеннен кейін бағдарламаның соңғы кезеңі басталады: ұлттық сыйлыққа қатысушы педагогтермен бірлесіп жобаларды толық іске асыру. Бағдарлама қорытындысы бойынша, 30 мектепте білім беру процесін және сыныптан тыс қызметті жақсарту үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету, оқушылардың қызығушылығын арттыру, педагогикалық бастамаларды қолдау идеяларын ілгерілету және донорлық қоғамдастықтың білім беру саласындағы мәселелерін шешуге қызығушылық деңгейін арттыру жоспарланып отыр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚒 Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті
-
245
-
0
-
0
-
-
2📲 Шығыс Қазақстанда биыл 73 ауылда мобильді интернет жылдамдығы артады
-
227
-
0
-
1
-
-
3🏋️♀️ Қазақстанда спорт мектебінің жаттықтырушы-оқытушыларына қосымша ақы төлене бастады
-
241
-
0
-
0
-
-
4⏳ Барлық ХҚКО-да бірнеше қызметке өтініш қабылдау уақытша тоқтатылады
-
242
-
0
-
2
-
-
5⛔️ "1971 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген". Алматы облысында ауылды жағалай өтетін канал көптің үрейін ұшырып отыр
-
245
-
0
-
1
-
-
6✈️ "Жанармай үшін әр билеттен ақы алған". Air Astana-ға 6,7 млрд теңге айыппұл салынды
-
240
-
0
-
3
-
-
7💵 "Бірнеше айға созылып кетеді". Асхат Аймағамбетов әлеуметтік саладағы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сынға алды
-
223
-
0
-
1
-
-
8💰 Еңбек министрлігі ең төменгі жалақыны айқындау әдістемесін өзгертпек
-
236
-
0
-
0
-
-
9🐶 Тазы мен төбеттің қазақы ит тұқымдары екенін халықаралық тұрғыда ресми бекіту қажет – Кинологтар одағы
-
223
-
0
-
2
-
-
10🚧 Сарапшы: 2030 жылы сұранысқа ие болатын жұмыс орындарының 85%-ы әлі пайда болмады
-
217
-
0
-
0
-