Тікелей эфир

Қазақстан мен Қытай өзара тауар айналымын екі есеге арттырады

Индустрияландыру саласындағы ынтымақтастық жобалар табысты ілгерілетіледі.

Қазақстан мен Қытай өзара тауар айналымын екі есеге арттырады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі баспасөзге арналған мәлімдеме барысында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин айтты.

"Бір белдеу және бір жол" бастамасы аясында жоғары сапалы ынтымақтастықты жүзеге асырып, практикалық салалардағы ынтымақтастық бойынша жаңа нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететін боламыз. Қысқа мерзімде тауар айналымын екі есеге арттыру үшін жаңа міндет қойылды. Сауда және экономика, инвестициялар, индустрияландыру, көліктік өзара байланыс және энергетика сияқты дәстүрлі секторлардағы ынтымақтастықты үздіксіз тереңдетуге келістік", – деді Қытай басшысы.

Си Цзиньпиннің айтуынша, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы мұқият іске асырылады. Индустрияландыру саласындағы ынтымақтастық жобалар табысты ілгерілетіледі. Транскаспий халықаралық көлік бағыты мен елдеріміз арасындағы үшінші трансшекаралық темір жол құрылысы жеделдетіледі.

"Негізгі минералдық ресурстар, баламалы энергия көздері, ғылыми және техникалық инновациялар, авиация және ғарыш, цифрлық экономика салаларында жаңа өсу нүктелерін бірлесіп дамытуға ниеттіміз", – деді ол.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары