Тікелей эфир

Қазақстан мен Қытай білім саласында бірлескен жобалар жасайды

Қазақстанның оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ҚХР білім министрі Хуай Цзиньпэнмен кездесті.

Екі тарап техникалық және кәсіптік білім беру саласында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.

Кездесуде қос дипломдық білім беру мен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, екі елдің студенттері мен оқытушыларының тағылымдамадан өтуі, колледждерді инновациялық дамыту бойынша бірқатар жобаны жүзеге асыру туралы айтылды.

"Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қазақстандық студенттердің 65%-ке жуығы тегін білім алып жатыр. Кәсіпорындардың тапсырысымен кадрларды мақсатты әзірлеу, сондай-ақ еліміздің әрбір макроөңірінің тапсырысы бойынша колледждерді бейіндеу жүргізіліп жатыр. Қазақстандық колледждер халықаралық аккредитациялаудан өтіп жатыр. Біз бұл бағыттағы жұмысты әлі де күшейтуді көздеп отырмыз", – деді Ғани Бейсембаев.

Еске салайық, Қазақстанда 772 колледжде 540 мыңнан астам студент білім алып жүр. Кейінгі бес жыл ішінде мемлекеттік тапсырыс көлемі екі есеге жуық артты, оның 70 пайызы техникалық мамандық бойынша.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары