Тікелей эфир

Қазақстан мен Қырғызстан "Батыс" радиотелевизия станциясын бірге пайдалану туралы келісімге қол қойды

Түркітілдес елдердің стартаптарынан аймақтық экожүйе құру туралы бастама көтерілді.

"Западная" радиотелевизиялық станциясы Тараздан 150 шақырымдағы Тянь-Шань жотасында, теңіз деңгейінен 3,5 мың метр биіктікте орналасқан. Енді оны Қазақстан мен Қырғызстан бірігіп пайдаланатын болады. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, иновациялар мен аэроғарыш министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

"Қырғыз әріптестердің шақыруымен Бішкекте іссапарда жүрмін. Қырғыз Республикасының цифрлық даму министрімен жүздесу барысында екі елдің цифрландыру үрдісін талқылап, енгізілген цифрлық жобалар мен алдағы мақсат-жоспарлар туралы ой бөлістік. Сондай-ақ, ҚР денсаулық сақтау, білім және ІІМ министрлерімен де ресми кездесулер өткіздік. Бұл кездесулерден бөлек, біз екі ел арасындағы алғашқы трансшекаралық құжат айналымын сынақтан өткізіп, іске қостық. Яғни бүгіннен бастап екі бауырлас елдің мемлекеттік органдары мен басшылығы ресми хат жазысу, нота жолдау және тағы да басқа құжат айналымын ЭЦҚ-мен қол қою арқылы электрондық нұсқада жүргізе алады", – деп жазды Бағдат Мусин  Facebook парақшасында.

Оның сөзінше, бұл көптеген қордаланған мәселелерді шешуге жол ашады. 

"Сондай-ақ, "Западная" радиотелевизиялық станциясын бірге пайдалану туралы келісімге қол қойдық. Бұл станция Тараздан 150 шақырымдағы Тянь-Шань жотасында, теңіз деңгейінен 3,5 мың метр биіктікте орналасқан. Біздің басты мақсат-міндеттеріміздің бірі – қазақстандық сәтті жобаларды насихаттап, экспорттау. Сондықтан осы сапарға бірнеше отандық технологиялық компанияларды шақырдым (Cerebra, Sergek, BilimMediaGroup, АзияСофт). Өз өнімдері жайлы айтып, таныстыру нәтижесінде олар цифрлық шешімдерін Қырғыз Республикасында пилоттық тәртіпте іске қосу бойынша келісімге қол жеткізді. Кездесу барысында ІТ-жобаларымыздың экспорттық әлеуетін арттыру және тәжірибе алмасу үшін стартаптар экожүйесін дамыту, инвестиция тарту, акселерация бағдарламаларын жасау және ұсыну аясында Astana Hub пен Қырғыз Республикасының Жоғарғы технологиялар паркінің ынтымақтастығы туралы келісіміге келдік", – деп жазды министр. 

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары