Қазақстан мен Әзербайжан тарапы 15 түрлі құжатқа қол қойды

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Құжаттар әр саланы қамтиды.

Бүгін Ақордада Қазақстан мен Әзербайжан тарапы 15 түрлі құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда жазғандай, Тоқаев пен Әлиев бірлескен мәлімдемеге де қол қойған.

"Келіссөз қорытындысы бойынша президенттер Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы Стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастар туралы шарттың қол қойылғанына 20 жыл толуына орай Бірлескен мәлімдеме қабылдады", – деп хабарлайды Ақорда.

Жалпы, Әзербайжан президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында энергетика, көлік-логистика, цифрландыру, жасанды интеллект, өнеркәсіп қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, статистика салаларындағы және мәдени-гуманитарлық байланыстар бағытындағы ынтымақтастық жөнінде 15 құжатқа қол қойылды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз