Тікелей эфир

Қазақстан мектептерінде тұңғыш рет "Ақындар айтысы" байқауы болады

Байқау "Төрт тоқсан – төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында өткізіледі.

Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында бірінші тоқсан бойы "Ақындар айтысы" суырып салма ақындар мүшәйрасы өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады

Жоба Қазақстанның ұлттық өнерін, мәдениетін және мұрасын қолдау мен дәріптеуге арналған. Соған орай, Қазақстан бойынша жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру мақсатында мектептерде "Ақындар айтысы" ашық сабақтары өтіп жатыр. 

"Байқаудың мақсаты – айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу, баға жетпес мәдени мұрамызды шешендік өнер арқылы таныту, балаларды ұлттық рух пен отансүйгіштік, өз халқына, салт-дәстүріне деген құрмет білдіруге тәрбиелеу, дарынды шығармашыл жастарды анықтау", – делінген министрліктің хабарламасында.

Серіктестер жаңалықтары