2022 жылы сәуір айына қарай басталатын жобаның ерекшелігі – бір команда сапында 1 қақпашы, 5 ойыншы болады.
Жоба аясында тек ауыл балалары қатысатын "Ауылымның алаңы" атты жарыстар өтеді. Ауылдық, аудандық, облыстық жарыстарда жеңіске жеткен командалар елордада өтетін финалдық кезеңге жолдама алады. Бұл туралы спорт журналисі Ермұхамед Мәулен хабарлады.
14 облыстың чемпиондары "Астана Аренада" үздік ауыл командасын анықтайды. Қатысушылардың жас ерекшелігі 8-9 және 10-11 жас болып екі санатқа бөлінеді. Үздік шыққандар марапатталып, елордаға саяхаттайды. Сондай-ақ, олар ұлттық құраманының ойынын стадионнан тамашалап, кейін фотосессия жасайды. Осылайша, 28 команданың 350-ге жуық жас жеткіншегі футболға қадам басады.
"Олардың ішінде үздік шыққан балаларды Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов пен Жастар құрамасының бапкері Қайрат Нұрдәулетов анықтайды. Әр командадан көзге түскен ауыл балаларын облыс орталықтарындағы футбол мектептеріне алдыртамыз. Шалғайда жатқан ауыл балаларының футболшы болуға бір мүмкіндігі ашылады", – деп жазды Ермұхамед Мәулен.
Аталған жоба 2022 жылы сәуір айына қарай басталады. Бір команда сапында 1 қақпашы, 5 ойыншы болады. Жарысқа бірнеше ауыл бірігіп, құрама команда жасап шығарса да болады. Бірақ, 14 футболшыдан тұратын өтінішті жарыс аяқталғанша сақтауы тиіс.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🎾 Бейбіт Жұқаев - Little Rock Challenger турнирінің ширек финалына шықты
-
250
-
0
-
2
-
-
2↕️ Telegram-бот 100 беттік лирикалық жинақты дыбыстады - Мақпал Жұмабай
-
258
-
0
-
3
-
-
3🤖 Қызылордада Қорқыт ата университеті жанынан жасанды интеллект мектебі ашылады
-
239
-
0
-
3
-
-
4✍️ Әр жеңімпаз 4 млн теңге сыйақы алады: Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға президенттік арнаулы әдеби сыйлық беріледі
-
249
-
0
-
4
-
-
5🕯🔥 "Тағы қайталана ма деп қорқамыз". Өткен қыста жылусыз қалған Екібастұз халқы қаладан көшіп жатыр
-
265
-
0
-
5
-
-
6💡 Маңғыстау облысында кәсіпкер бюджеттің 249 миллион теңгесіне көшеге жанбайтын жарық шамдар орнатқан
-
251
-
0
-
7
-
-
7🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына жұмыс сапарымен барды
-
255
-
0
-
4
-
-
8😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
254
-
1
-
7
-
-
9💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
226
-
0
-
2
-
-
10💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
227
-
1
-
5
-