Дипломаттар арасында ҚР елшісі де бар.
Пәкістандағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында 12 мемлекеттің елшілерін алып жүрген полиция көлігі минаға тап болып, жарылды.
Олардың арасында Қазақстан дипломаты да бар. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жағдайға түсініктеме берді.
Оқиға салдарынан бір адам қаза болғаны белгілі.
"Үш полиция жараланып, біреуі қаза болды. Дипкорпус өкілдері зардап шеккен жоқ, барлық елшілер Исламабадқа оралды. Елшілер Исламабад қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасы ұйымдастырған туризм конференциясына қатысу үшін Сват қаласына жіберілді", – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.