Қазақстанда 2025 жылы құрылған Turan мал шаруашылығы қауымдастығының басқарма төрағасы Жәнібек Кенжебаев Dala.Camp форумында саланы дамытудың негізгі үш бағытын атады.
Ол саланы дамытудың бірінші стратегиялық бағыты - сапа, стандарттар мен шығу тегі шешуші рөл атқаратын премиум сиыр еті саласы екеніне тоқталды.
"Премиум сегментте орын алу үшін Қазақстанға сапа мен қадағалаудың әлемдік стандарттары негізіндегі фермадан экспортқа дейінгі тұтас жүйені құруы қажет. Яғни бұл ет пен тұқымның жоғары сапасы, соның ішінде бұлшықет ішіндегі майдың жоғарылауы, өнімнің біркелкі құрылымы мен құрылысы. Екінші элемент – ресми бағалау және сертификаттау жүйесі. Бұл USDA Grading, MSA, EUROP тәсілдерін, сондай-ақ халал және органикалық талаптарға сәйкестікті қоса алғанда, мойындалған халықаралық сапа және қадағалау стандарттарын енгізу. Үшінші компонент – шығу тегі мен сенім. Бордақылау жағдайларын бақылау, жеткізу тізбегінің ашықтығы, өндіріс этикасы және экологиялық жауапкершілік премиум сегмент үшін міндетті факторларға айналып жатыр", - деді Жәнібек Кенжебаев.
Оның айтуынша, дәл осындай стандарттар жүйесін қалыптастыру Қазақстанға шикізат моделінен қосылған құны бар премиум сиыр етінің өзіндік брендін құруға көшуге мүмкіндік береді.