Тікелей эфир

Қазақстан БҰҰ-ның цифрланған мемлекеттер рейтингінде үздік отыз елдің қатарында

Сарапшылардың болжамы бойынша, он жылдан кейін әлемдегі өнімдер мен қызметтердің 70 пайызы цифрлық платформалық модельдерге негізделеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Digital Bridge 2022 халықаралық технологиялық форумының пленарлық отырысы басталды.

"Сарапшылардың болжамы бойынша, он жылдан кейін әлемдегі өнімдер мен қызметтердің 70 пайызы цифрлық платформалық модельдерге негізделеді. Осындай жағдайда Қазақстан өз алдына еуразиялық кеңістіктегі ең ірі цифрлық хабтардың біріне айналу стратегиялық міндетін қойды. Бұл үшін берік негіз бар. Бүгінде Қазақстан көптеген дамыған елден озып, БҰҰ-ның цифрланған мемлекеттер рейтингінде үздік отыз елдің қатарына кіреді. Қазақстан цифрландырудың дамыту векторын мазмұндық жағынан да, институционалдық тұрғысынан да нақты айқындағанын атап өткен жөн", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент мемлекеттік қызметтерді тек мемлекеттік органдар ғана көрсетпейтінін және Қазақстанда жеке сектормен қалыпты өзара іс-әрекет жолға қойылғанына тоқталды.

"Атап айтқанда, Каспий, Халық, BI Group және басқа да компаниялар мемлекеттік қызметтерге өздерінің платформалары арқылы қол жеткізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, біздің азаматтарымыздан жеке куәлігін, жүргізуші куәлігін, оқу орнын бітіргені туралы дипломын, неке туралы куәлігін және тағы да 15 түрлі құжатты өзімен бірге алып жүруі және көрсетуі талап етілмейді. Бұл жұмыс сөзсіз жалғасады", 

Серіктестер жаңалықтары