USD: 474.9 / 477.9
  • EUR: 543.0 / 548.0
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +17C
Все города

Қазақстан азаматтарына АҚШ-қа виза беру уақытша тоқтатылды. Виза рәсімдеу тәртібі қайта қаралады

 фото: shutterstock
фото: shutterstock
АҚШ Қазақстаннан бөлек, 74 елге иммиграциялық виза беруді тоқтатты.

АҚШ Мемлекеттік департаменті 75 мемлекеттің азаматтарына иммиграциялық виза беруді уақытша тоқтатты. Бұл туралы Fox News хабарлады.

Шектеу 21 қаңтардан бастап күшіне енеді және визаларды рәсімдеу тәртібі қайта қаралғанға дейін белгісіз мерзімге созылады. Ведомствоның қызметтік жазбасында бұл шешім "қоғамға ауыртпалық болуы мүмкін" деп есептелетін өтініш берушілердің жолын кесу мақсатында қабылданғаны айтылған.

АҚШ консулдық қызметкерлеріне визаны мына санаттағы адамдарға бермеу тапсырылған:

  • мемлекеттік жәрдемақы алуы мүмкін тұлғалар;
  • денсаулығы нашар адамдар;
  • жасы үлкен үміткерлер;
  • ағылшын тілін білмейтіндер;
  • қаржылық жағдайы әлсіз азаматтар;
  • ұзақ мерзімді медициналық күтімді қажет етуі мүмкін адамдар;
  • артық салмағы бар тұлғалар;
  • бұрын мемлекеттік көмек алған немесе арнайы мекемелерде болған адамдар.

Кейінірек Fox News бұл шешім тек иммиграциялық визаларға — яғни АҚШ-та тұрақты тұруға арналған визаларға қатысты екенін нақтылады. Туристік, оқу немесе уақытша жұмыс визалары бұл тыйымға кірмейді.

Тізімге енген елдер: Ауғанстан, Албания, Алжир, Антигуа және Барбуда, Армения, Әзербайжан, Багам аралдары, Бангладеш, Барбадос, Беларусь, Белиз, Бутан, Босния, Бразилия, Мьянма, Камбоджа, Камерун, Кабо-Верде, Колумбия, Кот-д’Ивуар, Куба, Конго Демократиялық Республикасы, Доминика, Египет, Эритрея, Эфиопия, Фиджи, Гамбия, Грузия, Гана, Гренада, Гватемала, Гвинея, Гаити, Иран, Ирак, Ямайка, Иордания, Қазақстан, Косово, Кувейт, Қырғызстан, Лаос, Ливан, Либерия, Ливия, Солтүстік Македония, Молдова, Моңғолия, Черногория, Марокко, Непал, Никарагуа, Нигерия, Пәкістан, Конго Республикасы, Ресей, Руанда, Сент-Китс және Невис, Сент-Люсия, Сент-Винсент және Гренадиндер, Сенегал, Сьерра-Леоне, Сомали, Оңтүстік Судан, Судан, Сирия, Танзания, Таиланд, Того, Тунис, Уганда, Уругвай, Өзбекстан және Йемен.

Осылайша, Қазақстан да АҚШ-та тұрақты тұру визасына уақытша шектеу қойылған елдердің қатарында тұр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау