
Олардың шоттарында 26 миллиард теңгеге жуық қаржы жиналған.
Қазақстан азаматтары зейнетақы қорындағы ақшасын алуға асықпайды, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Елімізде 120 мыңнан астам азамат қордағы қаражатын алмаған екен. Олардың шоттарында 26 миллиард теңгеге жуық қаржы жиналған.
Мамандардың сөзіне қарағанда, азаматтардың дені 2018 жылдан бері төлемге өтініш бермеген екен.
Айта кетейік, 2021 жылдан бастап Қазақстан азаматтарына зейнетақы қорында жиналған артық ақшаны шешіп алуға мүмкіндік беріліп келеді. Демек, жұрт оны баспана жағдайын жақсартуға, емделуге пайдалана алады.