Отандастарымыздың азаматтығы мен жынысы жазылатын жаңа куәліктер беріле бастады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Жаңа үлгідегі құжатта жеке куәлік иесінің азаматтығы мен жынысы туралы деректер көрсетіледі. Бұрын бұл мәліметтер жеке куәлікке салынған чипте болатын.
Жеке куәліктің жаңа дизайны бюджеттен шығын талап етпейді және азаматтардың жаңа құжаттарды шығару үшін төлейтін мемлекеттік баж мөлшеріне әсер етпейтінін атап өткен жөн. (2024 жылы мемлекеттік баж мөлшері - 738,4 теңге).
Қазақстан азаматтары жаңа дизайнды жеке куәліктерді тек құжатының мерзімі аяқталған кезде немесе оларды басқа да себептермен ауыстыруы керек болған кезде ала алады. Демек, бір мезгілде жаппай құжат ауыстыруға болмайды.