2025 жылы Қазақстанда қытай брендтерінің 85 408 жаңа автокөлігі сатылып, олардың нарықтағы үлесі 38,4%-ды құрады. 2026 жылы бұл көрсеткіш 98 000 бірлікке дейін өсіп, үлесі 42 пайызға жетеді. Бұл туралы Қазақстан автомобиль одағының салалық баспасөз конференциясында Orbis Auto компаниясының бас директоры Динара Искакова айтты.
"Нарық кемелденіп келеді. Алдағы динамика кейінге қалдырылған сұранысқа емес, басқару сапасына байланысты болады. Көшбасшылық мықты сервистік инфрақұрылымы бар, қаржылық моделі тұрақты және клиентпен ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа бағытталған компаниялардың қолында қалады", – деді Динара Искакова.
Оның бағалауынша, қазақстандық автобизнес экспансия кезеңінен кемелдену кезеңіне өтіп жатыр. Ендігі басымдық басқару сапасына, қаржылық тұрақтылыққа және клиентпен ұзақ мерзімді жұмысқа беріледі.
Бірінші тренд – сұраныстың ұтымды сипат алуы. Автонесиелердің үлесі 70%-дан асқан қазіргі жағдайда, сатып алушы көлік таңдағанда тек оның бағасына ғана қарауды қойды. Ендігі кезекте шешім қабылдауға көлікті күтіп-ұстаудың жалпы шығыны (TCO), оның кейінгі қалдық құны (қайта сатқандағы бағасы) және сервистік инфрақұрылымның қаншалықты дамығаны тікелей әсер етеді. Осылайша, нарықтағы бәсеке жай ғана "баға мен жабдықталу" (комплектация) деңгейінен тиімді қаржыландыру шарттары мен сатудан кейінгі сервистік сүйемелдеу саласына ойысып жатыр.
Екінші фактор – қытай сегментінің эволюциясы. 2025 жылы Қазақстанда қытай брендтерінің 85 408 жаңа автокөлігі сатылып, олардың нарықтағы үлесі 38,4%-ды құрады. 2026 жылы бұл көрсеткіш 98 000 бірлікке дейін өсіп, үлесі 42%-ға жетеді деп күтілуде. Динара Искакованың айтуынша, қарқынды өсім кезеңі аяқталды, ендігі бәсеке өнім сапасы, технологиялық деңгейі, брендке деген сенім және сервистік желінің қуатына негізделеді.
Премиум-сегмент макроэкономикалық факторлардың қысымында қалып отыр. 2025 жылы бұл санатта 5 968 автокөлік сатылса, 2026 жылға болжам – 5 928 бірлік. Мұндай жағдайда негізгі артықшылық ұзақ мерзімді клиенттік қолдау мен дамыған сервистік экожүйеге байланысты болады.
Тағы бір маңызды құрылымдық тренд – клиенттің өмірлік цикліне негізделген экономикаға көшу. Бүгінде "саттың ба – ұмыт" деген ескі модель өз өзектілігін мүлдем жоғалтты. Қазіргі таңда автобизнестің тұрақтылығы мен табыстылығы көлікті бір рет өткізуге емес, клиенттің қайта айналып келуіне, трейд-ин жүйесіне, сервистік қызмет сапасына және LTV көрсеткішін сауатты басқаруға тікелей байланысты болып отыр.
Жалпы алғанда, Динара Искакованың бағалауынша, 2026 жылы нарық шамамен 5 пайызға өсіп, 233 500 жаңа автокөлікке жетеді.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанда автобөлшектер өндірісін локализациялау орталығы құрылады
Президент Orbis Heavy Machinery техника зауытының жұмысымен танысты
USD:
464.1 / 466.9
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
6.03 / 6.15
"Нарық кемелденіп келеді. Алдағы динамика кейінге қалдырылған сұранысқа емес, басқару сапасына байланысты болады. Көшбасшылық мықты сервистік инфрақұрылымы бар, қаржылық моделі тұрақты және клиентпен ұзақ мерзімді қарым-қатынасқа бағытталған компаниялардың қолында қалады", – деді Динара Искакова.