USD: 483.9 / 486.9
  • EUR: 563.0 / 568.0
  • RUB: 6.35 / 6.49
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Қазақстан аса қауіпті құс тұмауынан таза ел мәртебесін иеленді

Фото: depositphotos.com
Фото: depositphotos.com
Министрлік Қазақстан аумағында жоғары патогенді құс тұмауының ошағы болмағаны туралы мәліметтерді қамтитын толық құжаттаманы ДЖДҰ-на жолдады.

Жануарларды қорғаудың дүниежүзілік ұйымы Қазақстанның жоғары патогенді құс тұмауынан ада ел мәртебесіне ие екендігі жөніндегі өзіндік декларациясын ресми түрде мақұлдады. Бұл маңызды мойындау – Қазақстанның ветеринариялық қызметінің эпизоотиялық қолайлылық пен биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі және ғылыми негізделген жұмысының нәтижесі, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. 

Халықаралық талаптарға сәйкес, Ауыл шаруашылығы министрлігі эпидемиологиялық мониторинг, алдын алу шаралары, құс денсаулығына жүргізілген бақылау мен Қазақстан аумағында жоғары патогенді құс тұмауының ошағы болмағаны туралы мәліметтерді қамтитын толық құжаттаманы ДЖДҰ-на жолдады.

"ДЖДҰ тарапынан берілген бұл мойындау еліміздегі ветеринариялық бақылаудың жоғары деңгейде жүргізіліп отырғанын растайды және отандық құс шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыруға, әсіресе ветеринариялық талаптары қатаң елдер нарығына шығуға қосымша мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті эпизоотиялық мәртебелерді сақтау және кеңейту бойынша мақсатты жұмыстарын жалғастырып, биологиялық қауіпсіздік пен ветеринариялық қадағалау саласында жоғары стандарттарды қамтамасыз ете бермек", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Тұмау мен ЖРВИ маусымы: Үйде емделу жолдары қандай


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз