USD: 479.1 / 481.7
  • EUR: 545.5 / 550.5
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +22C
Все города

Қазақстан алдағы екі жылда 500 млн долларға ІТ өнімін экспорттайды

Былтыр IT өнімдері мен қызметтер экспорты 5 есе ұлғайған.

Қазақстан алдағы екі жылда 500 млн долларға ІТ өнімін экспорттайды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінде айтты.

Президент еліміздің басты мұраты – келешектің цифрлық экономикасына көшу екенін баса айтып, цифрлық интеллект индексіне (Digital IQ) сәйкес Қазақстан цифрландыру қарқыны бойынша 20-орында және цифрлық ортаны дамыту жөнінен анағұрлым перспективті елдердің қатарына кіретінін жеткізді.

"Отандық цифрлық өнімдердің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі артып келеді. Былтыр IT өнімдері мен қызметтер экспорты 5 есе ұлғайып, 333 миллион долларды құрады. Мақсатымыз – 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 500 миллион долларға дейін жеткізу. Дегенмен мұнымен тоқтап қалмаймыз. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырамыз", – деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 2022 жылы еліміздегі цифрландыру саласы 12 пайызға өсті.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау