Қазақстан 2027 жылы геологиялық зерттеу аясында әзірленген учаскелерді аукционға шығарады

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайты
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайты
"Kazakhmys Barlau" ЖШС Ұлытау облысында озық аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізіп жатыр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан аумағының геологиялық тұрғыда зерттелу деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында Ұлытау облысында атқарылып жатқан жұмыстар барысын тексерді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Биыл еліміздің 20 учаскесінде 1:50 000 масштабтағы геологиялық түсірілім (ГТ-50) жұмыстары басталды. Зерттеу жұмыстары қамтылған аумақтың жалпы көлемі 100 мың км²-ден асады, жобалар 11 өңірде жүзеге асырылуда. Ұлытау облысында 7 учаске аумағында жалпы көлемі 36 мың шаршы шақырым жерді қамтитын кешенді геологиялық зерттеулер жүргізілуде.

Министрге зерттеу нысандарындағы аэрогеофизикалық және геологиялық барлау жұмыстарына енгізіліп жатқан жаңа тәсілдер таныстырылды. 

Министрліктің басшылығымен мамандар Жерді қашықтан зондтау деректерін интерпретациялауды, ұшқышсыз аэрогеофизикалық кешендерді қолдануды және жоғары дәлдіктегі Ionic Leach геохимиялық әдісін пайдалануды қамтитын кешенді жұмыстар жүргізуде.

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайты

 

"Жер қойнауын кең ауқымда геологиялық зерттеу – мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың министрлік пен жалпы сала алдына қойған негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі. Біздің басты міндетіміз – сапалы геологиялық ақпарат алу. Бұл геологиялық барлау ісіне инвестиция тартуға және өнеркәсіп салаларын дамытуға тікелей байланысты", – деді Ерсайын Нағаспаев.

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу (ЖҚМГЗ) бағдарламасын іске асыру аясында "Ұлттық геологиялық қызмет" АҚ басшылығымен геологиялық барлау компанияларының тобы құрылды.

"Kazakhmys Barlau" ЖШС Ұлытау облысында аэромагниттік түсірілім, аэрогамма-спектрометрия және аэрогравиметрияны қамтитын озық аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізуде. Бұл әдістер қысқа мерзім ішінде ауқымды аумақтар бойынша геофизикалық ақпарат алуға және зерттеліп жатқан алаңдардың келешегін жедел бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Ұлытау және Абай облыстарында жалпы саны 300-ге жуық ұңғыма бұрғыланды.

"Тау-Кен Самұрық" ҰТК" АҚ тобына кіретін "Қазгеология" АҚ жоғары дәлдіктегі позициялау жүйелерімен жабдықталған, RTK-навигациясын қолданатын заманауи ұшқышсыз кешендерді пайдалана отырып, осындай зерттеулер жүргізеді. Цифрлық технологиялар мамандарға ұшқышсыз ұшу аппаратының ұшуын және зерттеліп жатқан бүкіл аумақ бойынша деректердің үздіксіз алынуын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беріп, геологиялық барлау жұмыстарының дәлдігі мен сапасын қамтамасыз етеді.

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайты

Сонымен қатар Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу (ЖҚМГЗ) бағдарламасы аясында жер қойнауының бірыңғай цифрлық кадастры қалыптастырылуда. Ол перспективалы әрбір учаскеге электрондық паспорт жасауды көздейді. Бұл геологиялық ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттырып, оны өңдеу және дайындау мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.

Алғашқы перспективалы учаскелерді инвесторлар үшін 2027 жылдан бастап аукционға шығару жоспарлануда.

Сондай-ақ министр Геологиялық кластерге барып, ондағы жұмыстардың толық циклін қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан шаралармен танысты. Атап айтқанда, мұнда кернді қабылдау және сақтау, зертханалық талдау, геофизикалық зерттеулер және басқа да тірліктерді біртұтас жүйеге біріктіру көзделген. Кластер Орталық Азиядағы ең ірі ғылыми-өндірістік және білім беру кешендерінің бірі саналады.

Іссапар қорытындысында Ерсайын Нағаспаев тиісті жұмыстарды сапалы орындау, белгіленген көлемдер мен мерзімдерді сақтау жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау