Бүгін, 23 тамызда, "Қазақмыс" тобының кәсіпорындарында еңбек ететін кеншілер, байытушылар, металлургтер, энергетиктер, жөндеу мамандары және басқа да қызметкерлер Құрылтай сайлауында дауыс беруде, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Олардың қатарында "Қазақмыстың" еңбек әулеттерінің өкілдері де бар. Көптеген отбасы үшін компаниядағы еңбек ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрге айналған.
Дауыс беру қызметкерлердің жұмыс және ауысымдық кестесіне сәйкес ұйымдастырылған. Өндірістік нысандарда және вахталық ауысымда жүрген қызметкерлердің дауыс беруіне жағдай жасау үшін Компания сайлау комиссияларымен және жергілікті атқарушы органдармен алдын ала қажетті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.
Бүгін "Қазақмыс" қызметкерлері отбасыларымен және әріптестерімен бірге сайлау учаскелеріне барып, өз таңдауын жасауда.
Қазақмыс "Жомарт" кенішінің жерасты техникасын метанды автоматты бақылау жүйесімен жабдықтауда
Қазақмыс басшысы Жезқазғандағы негізгі әлеуметтік жобалардың іске асу барысын тексерді