USD: 485.1 / 487.7
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 5.93 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Қазақмыс Жамбыл облысындағы 250 отбасыға көмек көрсетті

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Қайырымдылық акциясы Шу ауданындағы Көкқайнар, Шоқпар, Бірлік, Бірлікүстем және Қонаев ауылдарында ұйымдастырылды.

Қазақмыс өзіне қатысы бар өңірлерде әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыруда, деп хабарлады "Қазақмыс" компаниясының баспасөз қызметі

Шу ауданындағы Көкқайнар, Шоқпар, Бірлік, Бірлікүстем және Қонаев ауылдарында қайырымдылық акциясы өтті. Әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға азық-түлік себеті табысталды. Осылайша әрбір елді мекендегі 50 отбасыға көмек көрсетіліп, жалпы акция 250 отбасыны қамтыды.

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

Игі бастама мереке күндері атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге және әлеуметтік жауапкершілік пен өзара қолдау құндылықтарын нығайтуға бағытталды.

Айта кету керек, компания әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды көздейтін жобаларды да жүзеге асыруда. Жамбыл облысының Шу қаласы мен Бірлік ауылында заманауи, тез тұрғызылатын модульдік спорт залдары пайдалануға берілді. Жоба «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қолдауымен, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және облыс әкімдігі арасындағы әріптестік аясында жүзеге асырылды.

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

Жалпы инвестиция көлемі 346 млн теңгені құрады. Жаңа нысандар жыл бойы пайдалануға арналған және күн сайын 100-ге жуық адамға спорпен айналысуға мүмкіндік береді. Спорт залдары футбол, волейбол және баскетбол сияқты командалық спорт түрлерімен айналысуға лайықталып жасалған. Мұнда балалар мен жасөспірімдер, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар балалар үшін нысандардың қолжетімділігіне ерекше көңіл бөлінген.

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

2023 жылдан бері өңірдегі әлеуметтік жобаларды қаржыландырудың жалпы көлемі 1,7 млрд теңгені құрады. Іске асырылған бастамалар қатарында спорт және балалар алаңдарын салу, елді мекендерді абаттандыру, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдау бағытындағы жобалар бар. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз