USD: 472.5 / 475.1
  • EUR: 541.5 / 546.5
  • RUB: 5.59 / 5.71
Тікелей эфир
Алматы +37C
Все города

Қазақмыс тау-кен шахта жабдықтарын жаңғыртуға тағы 6,7 млрд теңге бөлді

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Қаражаттың 5,2 млрд теңгесі Жезқазғандағы кәсіпорындардың жабдықтарына жұмсалады.

"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС тау-кен шахта жабдығының сенімділігін арттыру бағдарламасын жүзеге асырып жатыр, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі

Осы мақсатта ағымдағы және күрделі жөндеу жұмысын жүргізуге, негізгі тораптарды қалпына келтіруге және кәсіпорындарды қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуге компания қосымша 6,7 млрд теңге бағыттады. 

Бөлінген қаражат жабдықтың техникалық дайындығын тиісті деңгейде ұстап тұруға, өндірістік үдерістің сенімділігін арттыруға және кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Жалпы қаржыландыру көлемінің 1,463 млрд теңгесін ағымдағы жөндеу жұмысына, ал 5,313 млрд теңгесін өздігінен жүретін тау-кен шахта жабдығының негізгі тораптарын күрделі жөндеуге және қалпына келтіруге бағыттау көзделген. 

Қаржыландырудың негізгі бөлігі – жалпы көлемнің 77%-ын құрайтын 5,2 млрд теңгесі – Жезқазған өңірінің кәсіпорындарына бағытталды. Балқаш өңіріне 835 млн теңге, Қарағанды өңіріне 725 млн теңге қарастырылған. Қаражат өндірістік жүктеме көлемін, пайдаланылатын техника санын және өңірлерде жөндеу бағдарламасын іске асыру қажеттілігін ескере отырып бөлінді. 

Бағдарлама аясында тау-кен шахта жабдығының 216 торабын қалпына келтіру көзделген. Бүгінде 28 торап толық қалпына келтіріліп, 15 торап жаңасына ауыстырылды. Тағы 80 торап бойынша тапсырыс берілсе, 124 торапқа қатысты жұмыс қолданыстағы шарт сомасын ұлғайту аясында жүзеге асырылуда. 

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

Жөндеу бағдарламасы белсенді кезеңге жетті. Қазіргі уақытта бөлінген қаражаттың 1,216 млрд теңгесі игерілді, тағы 4,797 млрд теңгесі жөндеу жұмысын орындауға бағытталды. Қалған қаражат ағымдағы және күрделі жөндеу жұмысын жалғастыруға, тораптар мен қосалқы бөлшектер қорын толықтыруға, сондай-ақ жыл соңына дейін жөндеу бөлімшелерін қажетті материалмен қамтамасыз етуге жұмсалады. 

2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-на тиесілі тау-кен шахта жабдығының паркі 747 техника бірлігін құрайды. Жабдықтардың техникалық дайындық коэффициенті (ТДК) 0,84 деңгейінде. Бұл жоспарлы көрсеткішке сәйкес келеді және өндірістік міндетті орындауға қажетті техниканың дайындық деңгейін және кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. 

Жабдықтың сенімділігін арттыру – Қазақмыстың өндірістік активтерді жаңарту бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі. Компания жөндеу жұмысының көлемін кезең-кезеңімен ұлғайтып, жөндеу инфрақұрылымын нығайтуда, сондай-ақ кәсіпорындарды қажетті материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етіп, техниканы қауіпсіз әрі тиімді пайдалануға жағдай жасауда.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау